Ақпараттық хабарлама

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер телімдерін жалға беру жөнінде 2014 жылдың  25 тамызында сағат 16.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесі,  45 а   (қала әкімдігі ғимаратының 2-қабатындағы № 27 каб.)мекенжайы бойынша өтетінконкурс туралы жариялайды.

Ауыл шаруашылығы өндірістерін жүргізуге арналған жер телімдерін жалға беру жөніндегі конкурсқа ұысынылатын жер учаскелерінің және оларға құқықтардың тізімі.

Жер учаскесінің

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (пайдаланыстағы жерлердің құрамы және түрлері,бонитет баллы) Алаңы, га Жалға алу мерзімі, жыл Жер учаскесінің орналасқан жері
1 2 3 4 5
1 Бонитет баллы 10,3, жайылымдар 1000 га, шабындықтар 500 га Жалпы алаңы 1500 га 49 жыл Ақкөл ауылдық округі,10 км
2 Бонитет баллы 7,4, жайылымдар 100 га Жалпы алаңы 100 га 49 жыл Құдайкөл ауылдық округі, 25 км
3 Бонитет баллы 7,4, жайылымдар 2000 га Жалпы алаңы 2000 га 49 жыл Құдайкөл ауылдық округі, 34 км
4 Бонитет баллы 10,9, жайылымдар 3000 га Жалпы алаңы 3000 га 49 жыл Бесқауға ауылы, 30 км
5 Бонитет баллы 14,9, жайылымдар 7000 га Жалпы алаңы 7000 га 49 жыл Шиқылдақ ауылы, 25 км
6 Бонитет баллы 8,4, жайылымдар 1000 га Жалпы алаңы 1000 га 49 жыл Сарықамыс  ауылдық округі, 10 км
7 Бонитет баллы 9,2, жайылымдар 2000 га, тыңайған жерлер 1000 га, шабындық 300 га, соның ішінде:бұрынғы Өлеңті ауылдық округінде,                  Бонитет баллы: 9,8, жайылымдар 1000 га, тыңайған жерлер 1000 га Жалпы алаңы 3300 га 49 жыл Екібастұз ауылдық округі, 34 км
8 Бонитет баллы 11,0, жайылымдар 1500 га Жалпы алаңы 1500 га 49 жыл Теміржол  ауылдық округі, 15 км
9 Бонитет баллы 18,3, жайылымдар 1000 га Жалпы алаңы 1000 га 49 жыл Академик Әлкей Марғұлан  атындағы ауыл, 28 км
10 Бонитет баллы 8,0, жайылымдар 1000 га Жалпы алаңы 1000 га 49 жыл Бәйет ауылдық округі, 25 км
11 Бонитет баллы 11, жайылымдар 3000 га Жалпы алаңы 3000 га 49 жыл «Қойтас-Қойдауыл» МЖҚ, 45 км
12 Бонитет баллы 9,8, жайылымдар 1000 га Жалпы алаңы 1000 га 49 жыл «Атығай» МЖҚ, 28 км
13 Бонитет баллы 9,2,жайылымдар 3000 га Жалпы алаңы 3000 га 49 жыл «Майқайын»  МЖҚ, 30 км
14 Бонитет баллы 9,2,жайылымдар 2000 га Жалпы алаңы 2000 га 49 жыл «Майқайын»  МЖҚ, 28 км
15 Бонитет баллы 10,9, жайылымдар 6000 га Жалпы алаңы 6000 га 49 жыл Бозшакөл МЖҚ, 30 км
16 Бонитет баллы 10,9, жайылымдар 1000 га Жалпы алаңы 1000 га 49 жыл Қарағанды-өзек МЖҚ, 30 км
17 Бонитет баллы 10,9, жайылымдар 2000 га Жалпы алаңы 2000 га 49 жыл «Арқалық» МЖҚ, 40 км
18 Бонитет баллы 10,9,  жайылымдар 1500 га Жалпы алаңы 1500 га 49 жыл Екібастұз қаласының жер қоры
19 Бонитет баллы 10,9,  жайылымдар 1000 га Жалпы алаңы 1000 га 49 жыл Екібастұз қаласы шекарасы
Жалпы: 41 900, соның ішінде 40 100 га жайылымдар, 800 га шабындық, 1000 га тыңайған жерлер

 

Нысаналы мақсатына сәйкес жер телімін пайдаланудағы міндетті шарттар: ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін. Уақытша жер пайдаланушылар уақытша жер пайдалану туралы шарттарда қарастырылған басқа да міндеттерге ие болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке куәлігін және конкурсқа өтінімін тапсыруы қажет.

      Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген заңды тұлға болса, онда  оның  конкурстық өтінімінде  мынадай  мәліметтер болуы тиіс: 1. Конкурсқа қатысу  үшін өтінім (түпнұсқасы). Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер телімдеріне өтінімін тапсырады.2. Заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы  куәліктің  нотариалды  куәландырылған көшірмесі;3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайын қоспағанда, салық  органына сәйкес,  белгіленген  салық органының мөрі басылған, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, формалы  салық  қарызының бары не жоқтығы  туралы және жинақтаушы зейнетақы қорына конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу күнінің алдынан үш ай артығырақ міндетті  зейнетақы  жарнаның қарызы туралы,  нотариалды куәландырылған   немесе түпнұсқасының көшірмесі;4. Қатысушы   ұсынатын  бизнес-жоспар немесе  жер телімін пайдаланудың еркін  түрде жасалған өндірістік бағдарламасы;5. Кәсіпорынның  штатында  ауыл шаруашылығының мамандықтары  бойынша   біліктілігі мен  жұмыс стажы белгіленген,  бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылған,  заңды тұлғаның мөрі басылған  анықтамасының  түпнұсқасы.6. Ауылшаруашылық  дақылдарын  өңдіру үшін ауылшаруашылық  машиналары  бар болуы туралы  (бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылып,  заңды тұлғаның мөрі  басылған) анықтаманың  түпнұсқасы   және (немесе)  оларды  сатып алу   (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алуға және  т.б.)  шартының көшірмесі;7. Қатысушыға,  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін,    өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады. .

       Егер конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға  болса, онда  оның  конкурстық өтімінде  мынадай  мәліметтер болуға тиісті:1)Жеке тұлға  куәлігінің  (төлқұжат) немесе уақытша куәлігінің  көшірмесі; 2) Конкурсқа қатысуға  өтінім (түпнұсқа); 3) Қатысушы  ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылық  дақылдар өңдіру үшін қажетті ауыл шаруашылық  машиналары  көрсетілген  ерікті түрде  дайындалған жер учаскесін  пайдалану бағдарламасы және  (немесе)  оларды сатып алу  (жалға алу,  қызмет көрсетуді сатып алу  және т.б.) шарттың көшірмесі; 4) Білім туралы  дипломның көшірмесі  және  ауыл шаруашылық  саласындағы  еңбек  қызметі  және  жұмыс стажы туралы мәліметтері бар   өмірбаяны;5)Қатысушыға,  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін,    өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады. .

Конкурсқа қатысуға тіркелу  2014 жылдың 19 тамызына дейінПавлодар облысы, Екібастұз қаласы,  Екібастұз қаласының 50 жылдығы  көшесі, 10 (Привокзальная көшесі, 10, 3 қабат) мекенжайы бойынша жүргізіледі. «Екібастұз қаласы  әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ №3 каб, 754333, 754255 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.