Заңдарын іске асыру және орындаушылық тәртіпті жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын іске асыру және орындаушылық тәртіпті жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы

Құрметті Александр Федорович!

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Бөлім) өзінің күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарымен басшылық етеді және өтініштерді қарауға байланысты құқық қатынастарын реттеу мәселелері бойынша:

— заңдылықты, өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығын;

— құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделердi;

— өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеуді;

— тұлғалардың теңдiгiн;

— субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштерін қарау кезiндегi ашықтықты сақтауға басты назар аударады.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын 2 мемлекеттік қызметкер өтті: басшының орынбасары – Меруерт Сатыбалдиновна Қалиева және бас маман – Әсем Балғабаевна Серикова.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны 8. Бос орындар жоқ. Барлығы жеке кіріс салығы мен мүлкі бойынша декларацияларын уақытында тапсырды.

Бөлім фоейсінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары),  Екібастұз қаласы мемлекеттік атқарушы органдарының сенім телефондары жөнінде ақпарат орналастырылған, «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің қағидаларын бұзуының есебі мен бақылау журналы» енгізілген стенд ресімделген. Сонымен қатар, азаматтардың ұсыныстары мен ескертулеріне арналған жәшік құрылған.

Қалалық Бұқаралық Ақпарат Құралдарында басшы мен басшының орынбасарымен азаматтарды қабылдау кестесі, байланыс телефондары туралы ақпарат жарияланып, Бөлім сайтына да орнатылған.

Мемлекеттік қызметкерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9-бабымен белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы түрде қарау болып табылады.

Халықты ақпараттандыру мақсатында стендте Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы орнатылған, сонымен қатар шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік бар. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілдеріндегі өтініштер бланкілері мен басқа да жер пайдалану мәселелері бойынша қажетті құжаттардың үлгілерімен журнал жасалған.

2014 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 10 маусымға дейін Бөлімге 1488 өтініш түсті, соның ішінде 1211 жеке тұлғалардан және 277 заңды тұлғалардан, жалпы санынан – 201-і ауызша өтініштер, 77 өтініш құзырымыз бойынша жіберілген, 14 әкім сайтына жіберілген өтініштер.

— жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне құқық беру жөнінде – 158өтініш;

— ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерге құқығын беру жөнінде – 28 өтініш;

— жер пайдалану жөнінде жалпы мәселелер жөнінде – 1302 өтініш түсті.

Бүгінгі күнде 1418 өтініш орындалды да, 70 өтініш жұмыста.

Орындалған тапсырмалар мен хаттар – 817, ал 32 жұмыста.

Жеке тұрғын үй құрылысы  үшін жер телімдерін беру және жер телімдерін алуға азаматтарды арнайы есепке қою туралы мәселелер жер комиссиясымен қаралады. Кезектегілер тізімі Бөлім фойесінде ілінген және ол Бөлім сайтында тоқсан сайын жаңартылып тұрады.

Бүгінгі күнде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алуға арнайы есепте 4718 азамат тұр.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беруге 23 жер теліміне массив белгіленген, соның ішінде жер комиссиясымен қарастырылғандар — 16, қала әкімдігімен қабылданған қаулылар — 7,  ал 9 жерге орналастыру жобалары  әзірлеу сатысында. Сондай-ақ, 2014 жылы түгендеу нәтижесі бойынша 6 жер телімі берілді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 30 жер пайдаланушыға жалпы алаңы 33 312 гектар жер телімі берілді.

Бөлімде жер пайдаланушылар есебі үшін мұрағат құрылған және 2013 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін 368 іс қалыптасқан.

Жұмыстағы ең негізгі шараның бірі — азаматтардың өтініштері бойынша түсіндірме жұмыстарды «Нұр Отан» ХДП филиалымен бірлесіп өткізу. Мысалы, есепті кезеңнің ішінде 2 азаматты бірлесіп қабылдады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерімен бірге ағымдағы жылдың сәуір айында 30 адам қабылданған барлық ауылдық округтерде азаматтарды қабылдау мен кездесулер өткізілді.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыстарды жетілдіру үшін ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Қазақстан Республикасының жер пайдаланушылары бойынша бірыңғай мәліметтер базасын құруды және өтініштер бойынша дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз ететін, «Жер конкурстары, аукциондар», «Жер баланстары» мемлекеттік жер кадастрының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы енгізілді.

Қазіргі уақытта «Айқын» жобасын енгізуге байланысты жұмыс сапасы айтарлықтай жақсарды. Қазір жұмыстар айқын бола бастады, өтініштерді тіркеу жүйелендірілді және оларды орындау бойынша бақылау күшейді.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» және «Мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту».

Өтініш берушілердің шолуларына қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Бөлім фойесінің стендінде орнатылған.

Қалалық Бұқаралық Ақпарат Құралдарында мемлекеттік қызмет Стандарттары, мемлекеттік қызметті сапалы түрде көрсететін жауапты лауазымды тұлғалардың байланыс телефондары жарияланған. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сайтта да орнатылған. Ғимаратта күту орындары мен толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенд бар.

Қызметтер балама негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе жер қатынастары бөлімі арқылы көрсетіледі.

Осы жылдың 6 қаңтары мен 10 маусымы аралығында жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуге 289 жобалар келіп түсті, солардың ішінде: Жер қатынастары бөліміне – 196, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 93 өтініш.

Жерге орналастыру жобалары 7 жұмыс күні ішінде бекітіледі. Жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге оналастыру жобалары бекітілгеннен кейін Бөлімнің негізгі қызметі бойынша журналында тіркелетін жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобалары туралы бұйрық шығарылады.

«Жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметі уақытша көрсетілмейді, себебі облыс мәслихатының «Екібастұз қаласы және ауылдық елді мекендерінің жер телімдері үшін бағалау аймақтарының шекаралары мен төлемнің базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешімі ағымдағы жылдың 30 мамырында шығарылған және мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу органына жіберілді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіледі.

Аталған қызмет бұл шешім қолданысқа енгеннен кейін көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органмен көрсетілетін  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді Бөлім орындайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы  18 қаулы, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін пайдалануға рұқсат беру туралы 1  қаулы қабылданды.

2014 жылдың басынан бастап жоғары тұрған органдардан орындау үшін  барлығы 851тапсырмалар мен хаттар келіп түсті: 2 облыс әкімінің тапсырмалары («Ковыльный» аршылатын тау-кен үйіндісін мемлекеттік меншікке қабылдау туралы), 8 қала әкімінің тапсырмалары  (жер пайдалану мәселелері бойынша), «Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінен 50 хат (жер қатынастары бойынша ақпарат беру туралы). Орындауға және мәлімет беруге арналған басқа хаттар – 791.

Орындалған тапсырмалар мен хаттар – 819, ал 32-сі жұмыста.

 

 

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы                         Қ. Аққазенов