Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың 23.04.2014 жылдан 02.05.2014 жылға дейінгі графигіне сәйкес

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ

 

Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың 23.04.2014 жылдан 02.05.2014 жылға дейінгі графигіне сәйкес, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы – О.Б. Токуров, ветеринария бөлімінің басшысы – Т.Б. Джаймагамбетов, жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша жерге орналастыру секторының меңгерушісі – М.С. Қалиева, қалалық ветеринарлық стансасының директоры – А.Ш. Амирханов және жұмыспен қамту орталығының директоры – Б.Б. Булкаиров Төртүй. Тай, Зеленая роща, Ақкөл, Шиқылдақ, Ә. Марғұлан, Бозшакөл, Төрт-Құдық, Шідерті, Бәйет, Солнечный, Сарықамыс, Құдайкөл, Қарасор, Атығай, Қоянды, Бесқауға ауылдары, ауылдық округтері мен поселкелеріне шығу жұмыстарын жүргізді.

Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді тиімді пайдалану ережелері, мемлекеттік бағдарламалар және ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын дайындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Барлық туындаған мәселелер сол жерде түсіндірілді.