Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген

                49. СҚА шекараларында:

1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда тұрғын үй құрылыстарын;

2) ландшафтылы-рекреациялы аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;

3) бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;

4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастыруға жол берілмейді.

50. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында:

1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды шығару бойынша объектілерді, фармацевтикалыќ кәсіпорындарүшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;

2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын;

3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастыруға жол берілмейді.

51. Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған объектілерді:

1) кезекші апаттық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (екі аптадан артық емес) жұўмыс істейтін адамдар болатын үй-жайларды;

2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроны, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстарын;

3) жергілікті және транзитті коммуникацияны, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, су бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын орналастыруға жол беріледі;

4) өндірістік объектінің СҚА шекараларында сондай-ақ техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді, өндірісте пайдаланылмайтын тамақ өнімдерін орналастыруға жол беріледі.

52. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына, өнімге өзара жағымсыз әсер болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.

53. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне кірмейді, ал автомобиль магистралінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының көлемін негіздеу кезінде фондық ластауда есепке алынады.

54. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қарауға болмайды.

СҚА бір бөлігі жұмыс істеп тұрған СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШШ және/немесе РЕШД сақтау негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.