Жер телімдерінің бөлінетін және бөлінбейтіндігін анықтау жөнінде ақпарат

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 51-бабына сәйкес, жер учаскесі бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін. Өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстыұ және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бґөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.

Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi.

Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтық қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.