Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жоба

Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есе ұлғайтылсын.

2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 49/9 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5226 тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Экибастұз қалалық маслихат хатшысы