Хабарландыру «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы 26мамырдағы сағат 15.00 -де, жер учаскелеріне жалдау құқығын сату жөнінде ағылшындық әдісі бойынша аукцион өткізеді.

Аукционның өтетін мекенжайы: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118

лоттың

Жер учаскенің орны, мекен жайы

Көле

мі, га

Нысаналы мақсаты

иеліктен шығарылатын құқықтарының түрі (жеке меншік немесе жер учаскесін жалдау құқығы)

Жер учаскесіне барлық ауырпалықтар (шектеулер) тізбесі

Жал

дау төлемінің

мөлшері,

теңге

Бастапқа(ең төмен)

баға,

теңге

Кепілдік

жарнаның

мөлшері,

теңге

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы

0,0024

Нан өнімдерін сататын жылжымалы дүңгіршек орналастыру үшін

Уақытша  өтеулі ұзақ мерзімге жерді пайдалану құқығына 5 (бес) жыл мерзіміне

жоқ

21

558

132550

 

Жер учаскелеріне  жалдау құқығын сату жөнінде  өткізілетін аукционның шарттары.  Аукционды аукционшы өткізеді.Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды.

Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының он пайыз шектердеөзгереді. Аукцион ағылшындық әдіспен өткізіледі - аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Қолайлы болуы үшін аукционшы объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерді хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген «қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді; Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаз бен екінші сатып алушы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.Хаттама сатушы, жеңімпаз және екінші сатып алушы үшін бір-бір данадан үш дана етіп жасалады. Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін жалдау құқығы туралы жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

  Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады. Егер сауда-саттық объектісі бірінші аукционда сатылмаса, ол келесі аукциондарға шығарылады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте, сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) аванстық төлем аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі;

2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:жеке тұлғалар үшін:

1) мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат:

заңды тұлғалар үшін:

1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады. Электрондық өтініш берілген жағдайда, осы тармақтың жеке және заңды тұлғалар үшін 2), 3) тармақшаларында тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.Жеке басты куәландыратын, кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгені, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат бойынша мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзы арқылы алады.Аукционға қатысу туралы өтінішті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйымдастырушы жазбаша не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге бас тартудың себебін түсіндіріп, өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын құрайды ,бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем емес.Бұл ретте, кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Аукционды жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан адамның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жазылады. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:

1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

2) осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтармайды. Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Кепілдік жарнаны енгізу үшін деректемелер: KZ070705034633008001, Мемлекеттік тіркеу куәлігі: тір.№ .№61-1945-06-ММ 2009 жылғы  6 ақпанда Серия В№ 0361626, ЖСК KZ17070103KSN4506000, ЖСК KKMFKZ2A, БСН 060140007803, Павлодар облысының  Қазынашылық Департаменті Ертіс аудандық  басқармасы. Өтінімі тіркелген адам аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады.Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа адамның пайдалануына тыйым салынады.

Аукционның  өтетін шарттарымен танысу,сауда-саттыққа қатынасу бойынша өтініштер  қажетті  құжаттармен және кепілдік жарнаның көшірмесін,сонымен қатар қатысушылардың тіркелуі мына мекен жайында өткізіледі: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы., Бөгенбай к-сі, 110, «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.Аукционның өтуі туралы қосымша ақпаратты 8 (718) 32-21546 телефон бойынша алуға болады.