АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

        «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 26 қарашада сағат 1600-де ағылшын әдісі бойынша мемлекет меншігінде тұрған және жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)  құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Сауда-саттық Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 (2 қабат, 213 каб.) мекенжайы бойынша өтеді.

Үш жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сату бойынша Екібастұз қаласында орналасқан, сауда – саттыққа шығарылатын жер телімдері және олардың ең төмен бағалары

р/с

Жер телімінің орналасқан жері

Нысаналы мақсаты

Алаңы, гектар

жер телімдері

нің кадастрлық (бағалау) құны

3 жылға жалға беру құқығы

ның бағасы (басталу бағасы)

Жылдын жалға беру төлемі

Кепіл

дік төлемі

1

Екібастұз қаласы, Бесқауға ауылы

Мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған

0,7200

720 000

43 200

6 221

126 250

2

Екібастұз қаласы, Зеленая роща ауылы

Мал шаруашылығы кешенінің құрлысына арналған

3,0

3 900 000

234 000

2 592

126 250

3

Екібастұз қаласы, Бәйет ауылдық округі, Бәйет ауылы

Газ бетон өндіру бойынша зауыттың құрылысына арналған

1,8000

5 400 000

324 000

15 552

126 250

4

Екібастұз қаласы, Шідерті поселкесі, Юность көшесі

Наубайхананың құрылысына арналған

0,2000

900 000

54 000

3 456

126 250

 

Аукционға қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

1) жер теліміне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2) кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша кепілдік жарнасы елу айлық есептік көрсеткішті құрайды және «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БСН 980740001570, БСК KKMFKZ2A, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазына комитеті» ММ 4633013 коды, ЖСК KZ310705034633013001 депозиттік шотына бөлек кез келген банк арқылы төленеді. Кепілдік жарна келесі жағдайларда сатушымен қайтарылмайды:

1. қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

2. міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда (аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау, сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау).

Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар жүргізіледі, бұл ретте, сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі;

2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Сауда-саттықтарға қатысуға өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 213 кабинет, телефон: 74-11-14, 34-72-95.