АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 30 қаңтарда сағат 1600-де ағылшын әдісі бойынша мемлекет меншігінде тұрған  және жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)  құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Сауда-саттық Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62            (2 қабат, 213 каб.) мекенжайы бойынша өтеді.

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сату үшін сауда – саттыққа (аукцион) шығарылатын жер телімдерінің

ТІЗІМІ

Жер телімінің орналасқан жері

Жер телімінің нысаналы мақсаты

Алаңы,

га

Құқық түрі

Жер теліміне ауыртпалық

тар (шектеулер)

Бір жылға жалға беру сомасы (теңге)

Сауда-саттық жүргізу әдісі, тәсілі

Бастапқы құны (ең төменгі баға)

(теңге)

Кепілдік жарнаның көлемі (теңге)

1

Екібастұз қаласы, «Құрттыбидайық» шатқалының аумағы

Суды қайтара айдау мақсатында су құбырын орналастыруға арналған

1,75

уақытша өтеулі жер пайдалану       3 жыл мерзімге

сервитут орнатылған

258 384

аукцион,

ағылшын

 

955 500

126 250

2

Екібастұз қаласы,

Қала-Стелла және 207-208 квартал автожолдарының қиылысу аумағы

автосервис объектісінің құрылысына арналған

0,6273

уақытша өтеулі жер пайдалану       3 жыл мерзімге

сервитут орнатылған

92 620

аукцион,

ағылшын

 

342 506

126 250

3

Екібастұз қаласы, өнеркәсіп аймағы, «Лейла» диірменінің аумағы

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеу бойынша цехтың құрылысына арналған

1,0

уақытша өтеулі жер пайдалану       3 жыл мерзімге

сервитут орнатылған

147 648

аукцион,

ағылшын

 

546 000

126 250

4

Екібастұз қаласы, Бәйет ауылдық округі, Бәйет ауылы

Құрылыс материалдарды өндіру бойынша цехтың құрылысына арналған

1,8

уақытша өтеулі жер пайдалану       3 жыл мерзімге

сервитут орнатылған

15 552

аукцион,

ағылшын

 

 

     324 000

126 250

5

Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, «Иртыш» сауда үйінің аумағы

Сауда павильонын орналастыруға және қызмет көрсетуіне арналған

0,0010

уақытша өтеулі жер пайдалану       3 жыл мерзімге

сервитут орнатылған

148

аукцион,

ағылшын

 

840

126 250

Аукционға қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:1) жер теліміне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша кепілдік жарнасы елу айлық есептік көрсеткішті құрайды және «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БСН 980740001570, БСК KKMFKZ2A, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазына комитеті» ММ 4633013 коды, ЖСК KZ310705034633013001 депозиттік шотына бөлек кез келген банк арқылы төленеді.

    Кепілдік жарна келесі жағдайларда сатушымен қайтарылмайды:

1. қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

2. міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда (аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау, сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау).

Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Сауда-саттықтарға қатысуға өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 213 кабинет, телефон: 74-11-14, 34-72-95.