Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №1297 қаулысымен Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану Қағидалары бекітілді.

Қағидалар Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес әзірленіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тәртібін анықтайды.

       Көрсетілген Қағидаларға сәйкес, жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланған кезде шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру (бұдан әрі - ШІЖО) жобасы бар болуы қажет.

       ШІЖО жобасы – бұл ұйымдастыруды айқындайтын және негіздейтін және болашақта ауылшаруашылығы жерлерінің аумағын орналастыру, іс-шаралар кешенін қамтитын, оның жеке сипаттамаларын ескере отырып, әрбір жер телімнің неғұрлым тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін құжат.

       Жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың Қағидаларға сәйкес жерді ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды орындауы өткізілген іс-шаралар, сондай-ақ алқаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабы туралы тиісті құжаттармен (материалдармен) расталады.

       Осыған байланысты, барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері (шаруа, фермер қожалықтары, ЖШС, АШӨК, жеке тұлғалар және т.б.) Жер қатынастары бөліміне ШІЖО жобасын тапсыруы қажет.

       ШІЖО жобасы болмаған жағдайда және оны бір ай мерзімі ішінде тапсырмаған жағдайда, жалдау шарттары біржақты тәртіпте бұзылатын болады.

       Сұрақтар туындаған кезде Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 741114, 347293, 347290 тел. бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-не жүгінуге болады.

       Өзімен бірге жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар болуы керек.

        

        

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ