«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат

«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру мақсатында аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының жобасы әзірленуде.

         Бастамасы жетекші әлем қалаларының көпшілігінің мысалы бойынша бірыңғай сәулет тұрғысында салынған жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады.

         Бұл жобадағы тұрғын үй жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін алуға кезекте тұрған азаматтарға іске асырылады.

         1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының құны және іске асуы 120 мың теңгеден аспауы керек (инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның бағасын есептемегенде).

         Жобаға қатысатын кезектегілер дайын тұрғын үйді өз қаражатының есебімен немесе Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Жинақ банкінен қарыз алу арқылы  сатып алады.

         Жер телімінің  кезектегілердің меншігіне табысталуына құрылыс құнын толық төлеген кезде жол беріледі.

         Толық ақпаратты азаматтар Энергетиков көшесі, 62, № 213 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынатсары бөлімі» ММ-не жолығып немесе 34-72-95 телефоны арқылы біле алады.