«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат

«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға жағдай жасау мақсатында аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының жобасы әзірленуде. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес 23 шағынауданында жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдар бөлінді (126 жер телімі). Тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін алаңдар инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Жер телімдері азаматтарға белгіленген заңнама тәртібінде беріледі.

         Бастапқысы жетекші әлем қалаларының көпшілігінің мысалы бойынша бірыңғай сәулет тұрғысында салынған жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады.

         Бұл жобадағы тұрғын үй жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін алуға кезекте тұрған азаматтарға іске асырылады.

         1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының құны және іске асуы 120 мың теңгеден аспауы керек (инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның бағасын есептемегенде). Құрылыстың соңғы құны тұрғын үйлердің жобалы-сметалық құжаттамаларына кешенді ведомстволық емес сараптаманың оң шешімі негізінде анықталады. Тұрғын үй құрылысының құнын асыратын шығындар жергілікті бюджет қаражатының есебінде жүргізіледі.

         Жобаға қатысатын кезектегілер дайын тұрғын үйді өз қаражатының есебімен немесе Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қарыз алу арқылы  сатып алады.

         Жер телімін кезектегілердің меншігіне табыстау олар құрылыс құнын толық төлеген кезде жол беріледі.