Екібастұз қаласы елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.  Жалпы алаңы 27323,3754 гектар, Төрт-Құдық ауылының жаңа шекарасын орнатып, Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының шекарасы (шегі) 1623,3754 гектарға өзгертілсін.

         2. Жалпы алаңы 13178,6804 гектар, Солнечный поселкесінің жаңа шекарасын орнатып, Солнечный поселкесінің шекарасы (шегі) 2650,0804 гектарға өзгертілсін.

         3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» (Н.К. Макраев) және «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» (К.М. Кабдуалиев) мемлекеттік мекемелерімен осы бірлескен қалалық мәслихатының шешімінен және қала әкімдігінің қаулысынан туындайтын шаралар қабылдансын.

         4. Осы бірлескен қалалық мәслихатының шешімінің және қала әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына  және қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бірлескен қалалық мәслихатының шешімі және қала әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.