АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі уақытша өтеулі жер пайдалануға ауылшаруашылығы нысанындағы жер телімдерін беру бойынша конкурс жариялайды, ол Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45, 1 қабат, кіші зал мекенжайы бойынша 2017 жылы 18-сәуірде сағат 16.00-де өтеді.

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша, конкурсқа  шығарылатын ауылшаруашылығы нысанындағы жер телімдерінің тізімі

лот №

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы (алқап түрлерінің құрамы, бонитет баллы)

Алаңы, га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан жері (шаруашылық және аудандық орталықтарынан орташа қашықтық)

1

жайылым, бонитет баллы 15

750,2

49

академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл (130 км.)

2

егістік, бонитет баллы 14,4

629,0

10

Шиқылдақ ауылы (80 км.)

3

жайылым, бонитет баллы 7

1500,0

49

«Майқайын» жер қоры (22 км.)

4

жайылым, бонитет баллы 9

5000,0

49

«Бозшакөл» жер қоры(60 км.)

5

жайылым, бонитет баллы 14,1

2000,0

10

академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл (110 км.)

6

жайылым, бонитет баллы 10

6000,0

49

Бесқауға ауылы (80 км.)

7

жайылым, бонитет баллы 12

6000,0

49

Шиқылдақ ауылы (80 км.)

8

жайылым, бонитет баллы 9

20,0

49

Бәйет ауылдық округі(20 км.)

9

жайылым, бонитет баллы 9

300,0

49

Сарықамыс ауылдық округі (50 км.)

10

жайылым, бонитет баллы 11

1000,0

49

Сарықамыс ауылдық округі (50 км.)

11

жайылым, бонитет баллы 10

801,0

49

Сарықамыс ауылдық округі (50 км.)

12

жайылым, бонитет баллы 7

3000,0

49

Құдайкөл ауылдық округі (60 км.)

            Нысаналы мақсатына сәйкес жер телімін пайдаланудағы міндетті шарттар: ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін. Уақытша жер пайдаланушылар уақытша жер пайдалану туралы шарттарда қарастырылған басқа да міндеттерге ие болуы мүмкін.

            Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке куәлігін және конкурсқа өтінімін тапсыруы қажет.

            Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген заңды тұлға болса, онда  оның  конкурстық өтінімінде  мынадай  мәліметтер болуы тиіс:

            1. Конкурсқа қатысу  үшін өтінім (түпнұсқасы). Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер телімдеріне өтінімін тапсырады;

            2. Заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы  куәліктің  нотариалды  куәландырылған көшірмесі;

            3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайын қоспағанда, салық  органына сәйкес,  белгіленген  салық органының мөрі басылған, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған  формалы  салық  қарызының бары не жоқтығы  туралы және жинақтаушы зейнетақы қорына конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу күнінің алдынан үш ай артығырақ міндетті  зейнетақы  жарнаның қарызы туралы, нотариалды куәландырылған   немесе түпнұсқасының көшірмесі;

            4. Қатысушы   ұсынатын  бизнес-жоспар немесе  жер телімін пайдаланудың еркін  түрде жасалған өндірістік бағдарламасы;

            5. Кәсіпорынның  штатында  ауыл шаруашылығының мамандықтары  бойынша   біліктілігі мен  жұмыс стажы белгіленген,  бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылған,  заңды тұлғаның мөрі басылған  анықтамасының  түпнұсқасы;

            6. Ауылшаруашылық  дақылдарын  өңдіру үшін ауылшаруашылық  машиналары  бар болуы туралы  (бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылып,  заңды тұлғаның мөрі  басылған) анықтаманың  түпнұсқасы   және (немесе)  оларды  сатып алу   (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алуға және  т.б.)  шартының көшірмесі;

            7. Қатысушыға,  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін,    өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады.

            Егер конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға  болса, онда  оның  конкурстық өтімінде  мынадай  мәліметтер болуға тиісті:

            1)Жеке тұлға  куәлігінің  (төлқұжат) немесе уақытша куәлігінің  көшірмесі;

            2) Конкурсқа қатысу  үшін өтінім (түпнұсқасы). Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер телімдеріне өтінімін тапсырады;

            3) Қатысушы  ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылық  дақылдар өңдіру үшін қажетті ауыл шаруашылық  машиналары  көрсетілген  ерікті түрде  дайындалған жер телімін  пайдалану бағдарламасы және  (немесе)  оларды сатып алу  (жалға алу,  қызмет көрсетуді сатып алу  және т.б.) шарттың көшірмесі;

            4) Білім туралы  дипломның көшірмесі  және  ауыл шаруашылық  саласындағы  еңбек  қызметі  және  жұмыс стажы туралы мәліметтері бар   өмірбаяны;

            5)Қатысушыға  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін   өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады.

            Жер телімдерін пайдалану бойынша негізгі шарттары мен талаптары:

1)      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер теліміне жалға беру құқығын ұсыну;

2)      нысаналы мақсатына сәйкес және жалға беру шартта көзделген белгіленген тәртіппен жер телімін пайдалану;

3)      тиісті санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндіріс технологияларын қолдану, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге, шаруашылық қызмет нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу;

4)      тозудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, су басудан, батпақтанудан, қайталама тұзданудан, құрғаудан, тығыздаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарынан ластанудан, зиянды заттармен, басқа да бүліну процестерінен жерлерді қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестермен және өсімдік ауруларымен жұқтырудан, арамшөптермен өсіп кетуден, бұталармен және мелколесьем, жердің күйі өзге де түрлерінен нашарлауынан;

5)      жер салығын, жер телімдерін пайдаланғаны үшін және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен және төлем шартпен көрсетілген төлемді уақытылы төлеу;

6)      жануарлар дүниесін, орман, су және басқа да табиғи ресурстардың пайдалану тәртібін сақтауға, мемлекетпен қорғалатын басқа да жер телімінде орналасқан объектілерін және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды қамтамасыз етуге;

7)      жер телімінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де талаптар сақтауға;

8)      жердің жағдайы және пайдаланылуы туралы жер заңдарында белгіленген мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;

9)      басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

10)  топырақтың құнарлы қабатын сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен, мұндай алып тастау біржола жоғалуын болдырмау үшін қажет бермеу жағдайларды қоспағанда жол бермеуге;

11)  жер заңнамасына сәйкес сервитуттардың берілуін қамтамасыз етуге міндетті;

12)  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, орталық уәкілетті органмен белгіленген жүзеге асырылатын тәртіппен, топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер телімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

13)  уақтылы жалдау ақысын төлеу.

            Конкурсқа қатысушыларды тіркеу 2017 жылғы 13-сәуірге дейін Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50-жылдығы көшесі 10 үй (Привокзальная көшесі10, 3 қабат) мекенжайы бойынша жүргізіледі.

            «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөілімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну, тел. 8(7187)754300, 754230, 754255.