Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану Ережесі бекітілген.

Ережелер Қазақстан Республикасының Жер кодексімен сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін анықтайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану – жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылық өнімін өндіру процесінде жер пайдалану мақсаттарын жүзеге асыруда жерді қорғауды және табиғи факторлармен өзара оңтайлы әрекеттесуді есепке ала отырып, топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәселдерімен жоғары дәрежеге жеткізуді қамтамасыз етуі.

Жер телімдерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалануын анықтау үшін,  жер телімінің паспортының, яғни, жер телімінің нақты жағдайын, оның сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ жасау кезінде жер пайдалану объектінің топырақ құнарлылығын көрсететін құжат бар болуы қажет.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану кезінде жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушыларда, міндетті түрде шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы болуы керек  (бұдан әрі - ШІЖО).

Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы – әрбір жер телімінің жеке сипаттамаларын есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын ауыл шаруашылығы жері аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.

Жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындау, Ережелеріне сәйкес, өткізілген іс-шаралар туралы тиісті құжаттармен (материалдармен), сондай-ақ танаптар мен ауыспалы егістер тарихы кітабымен расталады.

Осыған байланысты, барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (шаруа, фермерлік қожалықтары және т. б.) жер қатынастары Бөліміне ШІЖО жобасын ұсыну қажет.

Сұрақтар болған жағдайда «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ, Екібастұз қ., Екібастұз қаласының 50-жылдығы көшесі, 10, тел.: 754300, 754255 хабарласыңыздар.

Өзімен бірге жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар ала келу қажет.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ