«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

«Жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

«Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»;

«Жер телімінің нысаналы мақсатын  өзгертуге рұқсат беру»;

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру»;

«Суармалы егістіктен суармалы емес алқап түріне аударуға рұқсат беру»;

«Ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге аударуға рұқсат беру».

2016 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуге 1087 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

  • «Жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 766, оның ішінде көрсетілгені – 612, мемлекеттік Корпорация арқылы – 78, бас тартылды – 154;

  • «Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» - 175, оның ішінде көрсетілгені – 135, мемлекеттік Корпорация арқылы – 135, бас тартылды – 40;

  • «Жер телімінің нысаналы мақсатын  өзгертуге рұқсат беру» - 139, оның ішінде көрсетілгені – 64, мемлекеттік Корпорация арқылы – 9, бас тартылды – 75;

  • «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру» - 5, бас тартылды – 5;

  • «Суармалы егістіктен суармалы емес алқап түріне аударуға рұқсат беру» - 0;

  • «Ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге аударуға рұқсат беру» - 2, бас тартылды – 2.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ай сайын Екібастұз қаласының ХҚКО салыстырып тексеру жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзулуы «Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» бойыншаэлектронды түрде – 3 (техникалық себептер бойынша), «Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» электронды түрде – 1,  маман ескерту түрінде, тәртіптік жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметтердің Стандарттары мен Регламенттері туралы ақпарат интернет-ресурстарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес істері бойынша Қазақстан Республикасының Агенттіктің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы, 3-тармағы, 147-бабы, 1-тармағы негізінде, 2016 жылғы 22-қарашада Павлодар облысы бойынша Агенттігінің Департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес істері бойынша Қазақстан Республикасының Агенттік Департаментінің жоспардан тыс тексеру іс-шараларын өткізуге қатысты, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттарын және регламенттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңын сақтау бөлігінде өткізілді.

Тексерудің қорытындысында, бөлімнің маманына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.