АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімін жалға беру бойынша конкурс жариялайды, ол Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45 (әкімдікдің ғимараты), кіші залы мекенжайы бойынша 2016 жылы 11-қарашада сағат 16.00-де өтеді.

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша, сауда-саттыққа (конкурс) шығарылатын жер телімдерінің тізімі 

Жер телімінің №

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы (алқап түрлерінің құрамы, бонитет баллы)

 

Алаңы, га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан жері (шаруашылық және аудандық орталықтарынан орташа қашықтық)

1

Жайылым түбегейлі жақсарту,

бонитет балл 7,0

2800 га

 

10 жыл

Құдайкөл ауылдық округі (Екібастұз қаласынан орташа қашықтық – 72 км)

2

3000 га

3

600 га

4

Тыңайма,

бонитет балл 8,0

1600 га

 

10 жыл

Шиқылдақ ауылы

(Екібастұз қаласынан орташа қашықтық – 54 км)

5

Жайылым,

бонитет балл 8,0

1600 га

6

Жайылым,

бонитет балл 7,0

2000 га

10 жыл

Қарағанды-өзек жер қоры

(Екібастұз қаласынан орташа қашықтық – 22 км)

7

2600 га

8

Жайылым түбегейлі жақсарту,

бонитет балл 9,0

680 га

 

10 жыл

Бәйет ауылдық округі

(Екібастұз қаласынан орташа қашықтық – 19 км)

9

800 га

10

Жайылым,

бонитет балл 9,0

1000 га

10 жыл

Шідерті поселкесі

(Екібастұз қаласынан орташа қашықтық – 55 км) 

         Нысаналы мақсатына сәйкес жер телімін пайдаланудағы міндетті шарттар: ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін. Уақытша жер пайдаланушылар уақытша жер пайдалану туралы шарттарда қарастырылған басқа да міндеттерге ие болуы мүмкін.

         Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке куәлігін және конкурсқа өтінімін тапсыруы қажет.

          Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген заңды тұлға болса, онда  оның  конкурстық өтінімінде  мынадай  мәліметтер болуы тиіс:

         1. Конкурсқа қатысу  үшін өтінім (түпнұсқасы). Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер телімдеріне өтінімін тапсырады;

         2. Заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы  куәліктің  нотариалды  куәландырылған көшірмесі;

         3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайын қоспағанда, салық  органына сәйкес,  белгіленген  салық органының мөрі басылған, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған  формалы  салық  қарызының бары не жоқтығы  туралы және жинақтаушы зейнетақы қорына конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу күнінің алдынан үш ай артығырақ міндетті  зейнетақы  жарнаның қарызы туралы, нотариалды куәландырылған   немесе түпнұсқасының көшірмесі;

         4. Қатысушы   ұсынатын  бизнес-жоспар немесе  жер телімін пайдаланудың еркін  түрде жасалған өндірістік бағдарламасы;

         5. Кәсіпорынның  штатында  ауыл шаруашылығының мамандықтары  бойынша   біліктілігі мен  жұмыс стажы белгіленген,  бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылған,  заңды тұлғаның мөрі басылған  анықтамасының  түпнұсқасы;

         6. Ауылшаруашылық  дақылдарын  өңдіру үшін ауылшаруашылық  машиналары  бар болуы туралы  (бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылып,  заңды тұлғаның мөрі  басылған) анықтаманың  түпнұсқасы   және (немесе)  оларды  сатып алу   (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алуға және  т.б.)  шартының көшірмесі;

         7. Қатысушыға,  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін,    өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады.

          Егер конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға  болса, онда  оның  конкурстық өтімінде  мынадай  мәліметтер болуға тиісті:

         1) Жеке тұлға  куәлігінің  (төлқұжат) немесе уақытша куәлігінің  көшірмесі;

         2) Конкурсқа қатысу  үшін өтінім (түпнұсқасы). Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер телімдеріне өтінімін тапсырады;

         3) Қатысушы  ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылық  дақылдар өңдіру үшін қажетті ауыл шаруашылық  машиналары  көрсетілген  ерікті түрде  дайындалған жер телімін  пайдалану бағдарламасы және  (немесе)  оларды сатып алу  (жалға алу,  қызмет көрсетуді сатып алу  және т.б.) шарттың көшірмесі;

         4) Білім туралы  дипломның көшірмесі  және  ауыл шаруашылық  саласындағы  еңбек  қызметі  және  жұмыс стажы туралы мәліметтері бар   өмірбаяны;

         5) Қатысушыға  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін   өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады.

Жер телімдерін пайдалану бойынша негізгі шарттары мен талаптары:

1)    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер теліміне 10 жыл мерзімге жалға беру құқығын ұсыну;

2)    нысаналы мақсатына сәйкес және жалға беру шартта көзделген белгіленген тәртіппен жер телімін пайдалану;

3)    тиісті санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндіріс технологияларын қолдану, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге, шаруашылық қызмет нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу;

4)    тозудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, су басудан, батпақтанудан, қайталама тұзданудан, құрғаудан, тығыздаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарынан ластанудан, зиянды заттармен, басқа да бүліну процестерінен жерлерді қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестермен және өсімдік ауруларымен жұқтырудан, арамшөптермен өсіп кетуден, бұталармен және мелколесьем, жердің күйі өзге де түрлерінен нашарлауынан;

5)  жер салығын, жер телімдерін пайдаланғаны үшін және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен және төлем шартпен көрсетілген төлемді уақытылы төлеу;

6)  жануарлар дүниесін, орман, су және басқа да табиғи ресурстардың пайдалану тәртібін сақтауға, мемлекетпен қорғалатын басқа да жер телімінде орналасқан объектілерін және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды қамтамасыз етуге;

7)  жер телімінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де талаптар сақтауға;

8)  жердің жағдайы және пайдаланылуы туралы жер заңдарында белгіленген мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;

9)  басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

10)  топырақтың құнарлы қабатын сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен, мұндай алып тастау біржола жоғалуын болдырмау үшін қажет бермеу жағдайларды қоспағанда жол бермеуге;

11) жер заңнамасына сәйкес сервитуттардың берілуін қамтамасыз етуге міндетті;

12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, орталық уәкілетті органмен белгіленген жүзеге асырылатын тәртіппен, топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер телімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

13) уақтылы жалдау ақысын төлеу.