Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды

 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz,  барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында

«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

ішкі конкурсты жариялайды

 

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы,      Е-R-1 санаты (№02-11-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 142412,36 теңгеден 192381,61 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін үйлестіру және басшылық жасау; біртұтас мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру; ҚР Президентінің  Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, жер ресурстарын басқару бойынша республикалық Агентігінің құжаттарын орындауды ұйымдастыру; аймақтық деңгейде жер қатынастары және жер пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; барлық санаттағы  жерлердің пайдалануына мемлекеттік бақылауды қамтамасыздандыру; қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеуге қатысу; жер қатынастарын дамыту бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; жерлерді пайдалану және қайта өңдеу бойынша бақылауды жүргізу; жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтау; бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар беру; жер қатынастары бөлімін барлық ұйымдар мен мемлекеттік органдарда ұсыну; лауазымдық нұсқаулармен қарастырылған міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен шаруашылық қызметкерлерінен: жер қатынастары бөліміне қажетті есепті, есеп айыруды, талдауды, іс-шаралар мен басқа да ақпараттарды білу және талап ету; азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу; өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін, шағымдар мен арыздарын қарастыру; жерге орналастырудың, жер пайдаланудың барлық мәселелері бойынша кеңес беру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; ауыл шаруашылық ғылымдар саласында: топырақтану және агрохимия, мелиорациялау, жаңғырту және жерді қорғау; құқық саласында; білім саласында; техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: геодезия, құрылыс, картография, маркшейдерлік іс; қызмет көрсету саласында: жерге орналастыру, кадастр).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) ғылыми дәрежесінің болуы;*

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы, Е-R–1 санаты (№02-12-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 142412,36 теңгеден 192381,61 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық  аймағындағы құрылысты, қайта жарақтауды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру мәселесінде мемлекттік басқаруды жүзеге асыру. Барлық деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы және қайта жарақтау сапасын бақылауды қаматамасыз ету. Нысандардың құрылысына және қайта жарақтауына бюджеттерінің барлық деңгейлерінен бөлінген қаражатты толығымен игерілуін қамтамасыз ету. Коммуналды меншік, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандардың құрылысы/қайта жарақтау бойынша  тапсырыс беруші ретінде қатысу. Мемлекеттік сатып алу конкурстарды өткізу және келісім-шарттарға отыру. Құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік және меншік мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау аумақтық бөлімшемен, жергілікті атқарушы ұйымдарымен өзара әрекет ету. Бөлім жұмысың ұйымдастыру, оңы басқару, бөлімге берілген міңдеттерді орындауы және өз міңдеттерінің жүзеге асырылуы үшін жеке жауапкер болу. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Заңда қарастырылған басқа да қызметтерді орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (техникалық ғылым және технологиялар саласында; өнер саласында: сәулет; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында;  құқық саласында: құқықтану).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

           Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, С-О-4, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемелекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, С-О-4, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) ғылыми дәрежесінің болуы*;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес*.

 

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған атқарған қызмет тізімі.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында, «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.