БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ағымдағы жылғы 5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында террористерді бейтараптандыру бойынша антитеррористік операция өткізілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризммен күрес жөнінде республикалық жедел штабтың басшысы – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант В.З. Жұмақанов 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 ҚР Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы»  Жарлығымен бекітілген ереженің         4 тарауына сәйкес Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларының аумақтарында террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі 40 тәулікке орнатты.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар өткізіп отырған жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Иесіз жатқан заттарға (сөмкелерге, қораптарға, бумаларға, қаптарға, чемодандарға және т.б.), әсіресе сымдары және техникалық құрылғылары бар заттарға, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте күдікті адамдарға назар аударыңыздар.

Күмәнді заттарға жоламаңыздар.

Күмәнді заттарды әсіресе, бейтаныс адамдардан сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыздар.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құжаттарды тексеру кезіңдегі іс-әрекетіне түсіністікпен қараңыздар және оларға барынша ықпал жасаңыздар.

Дүрлігуге жол бермеңіздер және мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарын басшылыққа алыңыздар.