«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

Е-4, E-R-4 санаттары үшін: жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.**

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

E-4

77452,33

104935,42

E-R-4

73288,23

99105,67

** Ескерту: «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты», «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде E-4, E-R-4 санатындағы бас мамандардың лауазымдары төменгі болады.

 

 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz,  «Б» корпусы төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты»  ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, (№01-1-15-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағаттық қорын жүргізу және оның жай-күйін бақылау. Елтаңбалық бланкілердің  азаматтық хал актілерінің барлық түрлерінің сақталуы мен  дұрыс толтырылуы үшін жауапты. «АХАЖ» ТП-ге мәліметтер енгізу. Соттарға қатысу. Номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа табыстау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қолданыстағы заңнамаларды насихаттау.     

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (құқық саласында, білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында, қызмет көрсету саласында).

 

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-7-01-4), 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебін, шаруашылық  қызметін ұйымдастыру, бастапқы бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу тәртібімен материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын, шығындар сметасы бойынша қаражаттарын пайдалануды бақылау, мемлекеттік сатып алулардың конкурс құжаттамаларын дайындау және конкурстарын өткізу, бюджеттік қаржаттарды жоспарлау жұмысы, олардың игерілуін бақылау. Материалдық ресурстар үшін жауапты болу. Өз бағытына сәйкес құжаттармен жұмыс, қазынашылық органдары, экономика және қаржы бөлімдерімен жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік органдарда, сотта «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсыну. Өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау. 

            Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

 

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және көріктендіру секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-3-03-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 023- «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету», «Қалалық автожолдарды ағымдағы жөндеу», «Кіреберіс жолдарды орташа, ағымдағы жөндеу», «Аудандық маңызы бар автожолды орташа жөндеу жұмысы» бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілген конкурс жағдайына сәйкес мердігерлік ұйымдармен орындалған жұмыстарға бақылау жасау. Ақау актілерін жасау. Атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қою құқығымен көлемін және сапасын қабылдау. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалауға қатысты жұмысты ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қала әкімінің және жоғары тұрған органдардың шешімдерін, өкімдерін, әкімдік қаулыларын орындау туралы анықтамалық ақпараттар мен есептер дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау кезінде заңнама нормаларын сақтау бойынша жұмыс жасау. Бөлім басшысының және сектор меңгерушісінің өзге де тапсымаларын, қарарын орындау.

            Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; құқық саласында; қызмет саласында: бағалау).

 

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үйге есеп жүргізу және бөлу секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (02-3-05-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы пәтерлердi есепке алу және бөлу бойынша жедел жұмыстар жүргiзу. Заңнама нормаларына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою бойынша мемлекеттік қызметті уақытылы көрсету. Мемлекеттік тұрғын үй мәселелерімен азаматтардың құжаттарын қабылдау. Мұқтаждар есебіне азаматтарды қою, кезектілерге тұрғын үй бөлу, тұрғын үйді жекешелендіру бойынша қала әкімдігінің қаулы жобаларын және тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша басқа қаулыларды дайындау. Қалалық тұрғын үй комиссиясының қарауына материалдар әзірлеу. Тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты жұмыс жасау. Мемлекеттік пәтерді жалдаған үшін төлемнің белгіленген тарифпен төленуіне бақылау жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша  әкімдік қаулыларын,  жоғары тұрған органдардың және әкім өкімдерін, шешімдерін орындау туралы есептер және ақпараттар, анықтамалар  дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнамалар нормаларының сақталуын қадағалау. Бөлім басшысының және сектор меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын, қарарын орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; құқық саласында; білім саласында).

 

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-2-01-3-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бақыланатын бюджеттік бағдарлама жобаларындағы шығыстардың дұрыстығын қарастыру бойынша жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерді қабылдау және  тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік мекемелердің  шығыстарын дұрыс, негізді жоспарлау мәселесін бақылауды  және  тексеруді жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика).

 

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-2-01-3-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бақыланатын бюджеттік бағдарлама жобаларындағы шығыстардың дұрыстығын қарастыру бойынша жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерді қабылдау және тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік мекемелердің шығыстарын дұрыс, негізді жоспарлау мәселесі бойынша бақылауды және тексеруді жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика).

7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Екібастұз қаласы  бойынша жерге орналастыру секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-11-3-2),   1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Жер құқық қатынастарына мониторингті бақылау жасау; жерге орналастыру мәселелері бойынша оперативті есептеме; жер телімдерінің қайта тіркелуін, құжаттарды қайта ресімдеуді қамтамасыз ету; құқық белгілейтін құжаттарын есепке алу және беру; жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сонымен қатар басқа да жер құқық қатынастарының есебін жүргізу; ақшалай қаражаттың түсімінің сараптамасын жүргізу;  өз құзырының мәселелері бойынша жылдық есептеме құру; жер телімдерін беруге байланысты мәселелерді қарастыру бойынша комиссияға  материалдарды дайындау; сату-сатып алу шарттарын және жер телімдерін жалға алу шарттары мен уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарын ұйымдастыру мен қорытындылау және жасалған шарттардың талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыру; қаулы жобаларын дайындау; жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін орындау; бөлімді  барлық ұйымдар мен мекемелерде, сонымен қатар азаматтардың құқықтық қатынастарынан шығатын басқа да салаларда ұсыну; жерге орналастырудың, жер пайдаланудың барлық  мәселелері бойынша  кеңес беру; бөлімнің  іс жүргізуіне  бақылау жасау; жоғары тұрған органдардан және басқа да ұйымдардан келіп түскен шешімдердің, облыс, қала әкімдері қаулыларының, қалалық мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың  жазбаша өтініштерін қарастыру мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалары өтініштерінің біркелкі есебінің автоматтандырылған  ақпараттық жүйесін (ТӨБ ЕААЖ) құру; жеке және зыңды тұлғалардың өтініштері бойынша  №01-ОЛ  нысанында ай сайынғы,  тоқсандық, жарты жылдық және жылдық  есептеме құрастыру және оларды «Павлодар облысы Екібастұз  қаласы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесіне тапсыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; құқық саласында; білім саласында; ауыл шаруашылық ғылымдар  саласында: топырақтану және агрохимия, мелиорациялау, жаңғырту және жерді қорғау; техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: геодезия, құрылыс, картография, маркшейдерлік іс; қызмет көрсету саласында: жерге орналастыру, кадастр).

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн  ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмауына негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодарс облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы Е-4, E-R-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы Е-4, E-R-4 санаттары үшін: бастамашылдық (12 тапсырма), тіл табысқыштық (12 тапсырма), талдағыштық (12 тапсырма), ұйымдастырушылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылдық– 1,5 балл, тіл табысқыштық– 1,5 балл, талдағыштық– 2 балл, ұйымдастырушылық– 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.