2016 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңды күшіне енеді

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 2 қарашада «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»№ 389-V ҚРЗ қол қойды.

         Заң ауыл шаруашылық жерлерін  тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдетуге  қатысты Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды іске асыруға бағытталған.

         Заңнның негізгі мақсаты  ауылшаруашылық нысаныдағы жерлерді жеке меншікке беруді ынталандыру, соның ішінде оларды жекешелендіру арқылы және оларды ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін жаңа механизмдерді енгізу болып табылады.

         Қазақстанның жер құқығын реттеу  тарихында бұл барлық нормалар сонау 90 жылдардан бастап бар. 1990 жылы бізде жер туралы алғашқы заң қабылданған болатын. Содан соң оған өзгерістер енгізіліп, сонда түрлі вариациялары болған. Жер жалға үш жылдан он жылғы берілген, соның ішінде шетел азаматтарына; содан соң 99 жылға; содан кейін қазақстандықтарға 49 жылға, шетел азаматтарына он жылға шектеулер енгізілген. 2003 жылы жерді жалға және жеке меншікке беруге қатысты барлық нормалары көзделген Жер кодексі қабылданған болатын. 2014 жылы жалға беру мерзімін 25 жылға созуға қатысты соңғы өзгерістер енгізілген болатын. Барлық құқықтарды реттейтін Жер кодексі 13 жыл қолданылып келе жатыр және осы уақыт ішінде ешқандай мәселелер туындаған емес.

         2016 жылдың 1 шілдесінен заңды күшіне енетін жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне құқықтарды сатып алу мынадай кезектілікпен:

1) жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы;

2) жер телімін оның кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен кемінде екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша сату мүмкін болмаған кезде жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

         Бұл ретте жер телімін оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызы мөлшерінен төмен бағаға сатуға жол берілмейді.

         Сонымен қатар, шаруа жүргізу нысанын ауыстыру кезінде және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілердің құрылысы уақытында жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынады.

         Шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімін бұрын бөліп-бөліп немесе жеңілдікпен сатып алған  Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары жер теліміне қосымша төлем төлемей оның кадастрлық (бағалау) құнының 50% кем емес төлеген жағдайда 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жер телімінің иесіне айналады.

         Мемлекеттен уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын жер телімі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті орган хабардар ету  шартымен, жер телімі меншік иесінің келісімінсіз, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруді қоспағанда, жер телімін жалдау шартының мерзімі шегінде иеліктен шығаруға және беруге құқылы.

         Сонымен қатар,  шаруа және фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жер пайдаланушылары көрсетілген әрекеттерді жер пайдалану құқығын сатып алмай жүзеге асыра алады.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97 бабы 6 тармағының және 101 бабы 1 тармағының жаңа редакциясына сәйкес телімдер Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру,  қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жеке меншікке беріледі. Жер пайдалануға ғылыми-зерттеу, тәжірбие жүргізу және оқыту мақсатында, бақша шаруашылығы, шалғайдағы мал шаруашылығы, мал жаю мен шөп шабу үшін беріледі.

Ауыл шаруашылығы мақсаты үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (жалға беру):

1) шаруа және фермер қожалығын, тауарлы  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін  оралмандарға 25 жылға дейінгі мерзімге;

2) тауарлы  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға,  шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталдағы шетелдіктердің,  азаматтығы жоқ адамдардың,  шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 % асатын заңды тұлғаларға 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

         Осылайша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетел азаматтарына жеке меншікке берілмейді.

         Ауыл шаруашылығы нысанындағы  жер телімдерін шетел азаматтары жеке меншікке иемдене алмайды.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24 бабының 1 тармағына сәйкес шетелдіктер, сондай-ақ жарғылық капиталдағы шетелдіктердің, үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер телімдерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөліп берудің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.

         Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

         1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін – 0,25 гектар;

         2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 гектар;

         2007 жылғы маусым айынан бастап ЖТҚ жер телімдерін алу үшін арнайы есепке 5410 азаматтардың өтініші қойылды.

         2014 жылы ЖТҚ үшін -7 жер телімі, 2015 жылы 2 жер телімі берілді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44 бабына сәйкес  жер телімдерін беру егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының негізінде дайын алаңдарды бөлу кезінде

жүргізіледі. Қала бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды, жеке құрылыс үшін алқаптар анықталды. Олар 16 шағын ауданы мен 207-208 орамдар, осында 600-ге жуық жер телімдерін беру көзделген, бірақ аталмыш алқаптарда инженерлік коммуникациялардың болмауына байланысты жер телімдері беріле алмайды.

         Ауыл шаруашылығы жерлеріне жаппай меншік құқығын енгізу экономикалық айналымға  азаматтық-құқықтық қатынастардың қосымша құралын енгізуге мүмкіндік береді және ауылшарауашылық тауар өндірушілердің жауапкершілігін артырады, осылайша жер нарығының дамуын қарқындатады.

         Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша  түсінік алу үшін Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 – жылдығы көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан, тел: 348141, 754255 «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жолыға алаласыздар.

 

 

                                               «Екібастұз қаласы әкімдігінің

                                               жер қатынастары бөлімі» ММ