Қазақстан азаматтарының өздеріне тиесілі жерлерін шет елдік жеке және заңды тұлғаларға сатуы жөнінде

Қазақстанның азаматтары өздеріне тиесілі жерлерін шет елдік жеке немесе заңды тұлғаларға сата алады, алайда, Жер кодексінің 66-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жер учаскесін сатып алған шетелдік тұлға жер учаскесiне осы Кодексте белгiленген нормаларға сәйкес оған  ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншік құқығында тиесiлi болмайтындықтан, аталған құқық Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген ережелер бойынша үш ай iшiнде иелiктен шығарылуға тиiс немесе аталған мерзiмде осы Кодекске сәйкес жерге сондай субъектiге тиесiлi болатын құқық етiп қайта ресiмделуге тиiс.

Бұл белгіленген талап орындалмаған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жер учаскесі орналасқан жер бойынша қайтару туралы талап-арыз береді.