Аукцион арқылы сатылатын ауыл шаруашылық жерлерін сатудан түсетін қаражаттың пайдалануы туралы

Ауыл шаруашылық жерлерін аукцион арқылы сату тәртібі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы  № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 792 бұйрығымен бекітілген.

Аукционға салынатын жер учаскелерінің құны оның кадастрлық бағасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» № 890 қаулысын және Жер кодексінің 11-бабымен көзделген жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн қолдана отырып, әр участок бойынша жеке есептеледі және соңғы бағасы аукционның қорытындысы бойынша айқындалады.

Жалпы, республика бойынша бір миллионға жуық жер учаскелерін аукционға шығарып сату көзделіп отыр. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке аукцион арқылы сатқаннан түсетiн қаражат Ұлттық қорға аударылады.