ШЕШІМ Ауыл шаруашылығы нысанында пайдаланбайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 444 – бабының 1 тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты  ШЕШТІ:

1. Ауыл шаруашылығы нысанында пайдаланбайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіптік секторды  дамыту, экология және табиғатты пайдалану жөнінде тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кезінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                                                        Қалалық мәслихат хатшысы                                                    Б.Қ. Құспеков