Жерге орналастыру жобаларын бекіту

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес  (әрі қарай-Кодекс) Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ көрсететін бірден-бір мемлекеттік қызметі «Жер телімін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» болып табылады.

         Кодекстің 150 бабы негізінде жерге орналастыру жұмыстары азаматтармен және заңды тұлғалармен ақылы түрде орындалады.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 151 бабына сәйкес, жерге орналастыруды жүргізу барысында құқықтары мен заңды мүдделеріне сөз тию мүмкін болатын, жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттарын орындаушы, үшінші жақтар, сонымен қатар жерге орналастыру құжаттарын бекітетін және онымен келісетін мемлекеттік органдар және басқа да тұлғалар жерге орналастыру  үрдісінің қатысушылары болып табылады.

         Жерге орналастыру жобасының  орындалуына  өтініш берген тапсырыс беруші немесе тұлға жерге орналастыру үрдісі кезінде қайшылықты шешуге қатысуға, жерге орналастыруды дайындау құжаттарымен танысуға; өз ұсыныстарын талқылауға енгізуге, жерге орналастыру үрдісінің барлық сатыларында өкіл арқылы немесе өзі жеке қатысуға құқылы.

         Жерге орналастыру үрдісінің барлық қатысушылары Қазақстан Республикасы жер заңнамасын сақтауы; жерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша құзіретті мемлекеттік органдардың талаптарын орындауы қажет.

         Сонымен қатар,  жерге орналастыру жобасының орындалуы бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережелері (әрі қарай - Ереже) жетілдірілді.

         Осы ережелерге сай жер телімін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобалары (коммисияның алғашқы оң шешімін беру негізінде) орындалады және бар жер телімдерін жөндеу барысында :

         1) жер телімін бөлу;

         2) жер телімін қосу(бірлесу)

         3) жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруіне( кескін үйлесім, шекара, алаң, нысаналы мақсат);

         4) мемлекет мұқтажы үшін жер телімін сатып алу немесе алып қою.

         Барлық басқа жағдайларда, жоғарыда көрсетілген негіздердің болмауына сәйкес, жаңа жерге орналастыру жобасын орындауын қажет етпейді. Сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тексеру актісімен расталуы қажет.

         Сонымен қатар жалға алудын мерзімін ұзарту барысында жаңа жобаны орындауды қажет етпейді.

         Ереженің 18 тармағына сәйкес, жер телімі мәліметтерінің дұрыстығы туралы  жерге орналастыру жобасының орындаушысы қамтамасыз етеді.

          «ЦентрГеоПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен аз Т., жер телімінің дәл емес орналасуымен жерге орналастыру жобасы орындалды, осыған орай түзетілуге 5 рет қайтарылды.

         Л.Г. Суровцева  жеке кәсіпкерімен аз. Г., аз. Ш. жерге орналастыру жобалары орындалды және де  бірнеше рет түзетілуге қайтарылды.

         Сонымен қатар,  іргеліс иелерінің және жер пайдаланушыларының кеклісімдерінің болмауы барысында да жерге орналастыру жобалары қайтарылады.

         Сонымен 2014 жылы берілген 1 145 жобаларының қайта орындалуына 157 жоба қайтарылды.  2015 жылдың ағымдағы кезеңінде берілген 665 жобасынан, 155 қайтарылды.

         Баяндау негінде, дұрыс орындалмаған жұмыстарды болдырмау мақсатында барлық жерге орналастыру жобаларының тапсырыс берушілерін жер телімдерініздің жобаларын орындау барысында белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.

   

       «Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ