Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бақ өсіруге және саяжай құрылысына арналған жер телімдеріне құқық беру түрлері мен ережелерін,  беру ретін түсіндіреді.

         Саяжай құрылысына арналған, жер телімін беру үшін жергелікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Жер телімінің нысаналы мақсаты, оның болжалды көлемі, орналасқан жері, сұрастырылып тұрған пайдалану құқығы, басқа жер телімінің бар болуы (жоқтығы) туралы өтініште көрсетілуі тиіс.

          Саяжай құрылысына арналған  жер теліміне  өтеусіз жеке меншік құқығы бір рет  0,12 өлшемімен (12сотка) беріледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жер кодексінің  46 бабына сәйкес, көрсетілген беру  оралмандарға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы негізінде жүзеге асады.

 

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабына сәйкес, жер теліміне құқық беру келесі ретпен  жүргізіледі:


      1) жер теліміне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
      2) сұралып отырған жер телімін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айќындау;
      3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объект құрылысынан басқа ,жер учаскесі объектілер салу үшін  сұралған кезде);
     4) тиісті жергілікті атќарушы органдар құрайтын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;
     5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
     6) облыстық, республикалық маңызы бар ќаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар ќаланың жергiлiктi атќарушы органының, аудандық маңызы бар ќала, кент, ауыл (село), ауылдық(селолық) округ әкімінің жер теліміне  құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
     7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
     8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
    9) елді мекен шегіндегі объект құрылысына арналған жер телімінен басқа жертеліміне  сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру.

         Барлық сұрақтарыңызбен Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10 (Привокзальная 10) 3-қабат, 304,305,306 кабинеттері бойынша орналасқан, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ хабарласа аласыздар.

         Байланыс телефоны 754255, 754333,754230

        

 

 

       «Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ