АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер телімдерін жалға беру жөнінде 2015 жылдың  20 сәуірде сағат 16.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесі,  45 а (қала әкімдігі ғимаратының 2-қабатындағы № 27 каб.) мекенжайы бойынша өтетін конкурс туралы жариялайды.

Ауыл шаруашылығы өндірістерін жүргізуге арналған жер телімдерін жалға беру жөніндегі конкурсқа ұысынылатын жер телімдерінің және оларға құқықтардың тізімі.

 

Жер телі

мінің

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы (жерлердің құрамы және түрлері, бонитет баллы)

Алаңы, га

Жал

ға алу мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан жері

1

2

3

4

5

1

Бонитет баллы 10,3, т.ж. жайылымдар 1300 га

Жалпы алаңы 1300 га

49 жыл

Ақкөл ауылдық округі, 12 км

2

Бонитет баллы 10,3, шабындық 260 га

Жалпы алаңы 260 га

49 жыл

Ақкөл ауылдық округі, 5 км

3

Бонитет баллы 7,4, жайылымдар 4000 га

Жалпы алаңы 4000 га

49 жыл

Құдайкөл ауылдық округі, 16 км

4

Бонитет баллы 10,9.егістік 1000 га, жайылымдар 3000 га

Жалпы алаңы 4000 га

49 жыл

Қарасу  ауылдық округі, 20 км

5

Бонитет баллы 8,4. шабындықтар 200 га

Жалпы алаңы 200 га

49 жыл

Сарықамыс  ауылдық округі, 3 км

6

Бонитет баллы 9,2.егістік 2000 га, жайылымдар 5000 га, тыңайған жерлер 1200 га, шабындық 300 га, соның ішінде: бұрынғы Өлеңті ауылдық округінде:бонитет баллы: 9,8, егістіктер 1000 га, жайылымдар 3800 га, тыңайған жерлер 1000 га

Жалпы алаңы 8500 га

49 жыл

Екібастұз ауылдық округі, 34 км

7

Бонитет баллы 25, егістік 320 га

Жалпы алаңы 320 га

49 жыл

Академик Әлкей Марғұлан  атындағы ауыл, 11 км

8

Бонитет баллы 25, егістік 300 га

Жалпы алаңы 300 га

49 жыл

Академик Әлкей Марғұлан  атындағы ауыл, 29 км

9

Бонитет баллы 25, егістік 500 га

Жалпы алаңы 500 га

49 жыл

Академик Әлкей Марғұлан  атындағы ауыл, 35 км

10

Бонитет баллы 8,0. т.ж. жайылымдар 1000 га, тыңайған жерлер 975 га

Жалпы алаңы 1000 га

49 жыл

Бәйет ауылдық округі, 15 км

11

Бонитет баллы 11. жайылымдар 2000 га

Жалпы алаңы 2000 га

49 жыл

«Қойтас-Қойдауыл» жер қоры, 35 км

12

Бонитет баллы 9,8. жайылымдар 1000 га

Жалпы алаңы 1000 га

49 жыл

«Атығай» жер қоры, 20 км

13

Бонитет баллы 9,2. жайылымдар 1000 га

Жалпы алаңы 1000 га

49 жыл

«Майқайын»  МЖҚ, 30 км

14

Бонитет баллы10,9. жайылымдар 2000 га

Жалпы алаңы 2000 га

49 жыл

«Арқалық» МЖҚ, 40 км

 

      Нысаналы мақсатына сәйкес жер телімін пайдаланудағы міндетті шарттар: ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін. Уақытша жер пайдаланушылар уақытша жер пайдалану туралы шарттарда қарастырылған басқа да міндеттерге ие болуы мүмкін.

      Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке куәлігін және конкурсқа өтінімін тапсыруы қажет.

      Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген заңды тұлға болса, онда  оның  конкурстық өтінімінде  мынадай  мәліметтер болуы тиіс: 1. Конкурсқа қатысу  үшін өтінім (түпнұсқасы). Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер телімдеріне өтінімін тапсырады. 2. Заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы  куәліктің  нотариалды  куәландырылған көшірмесі; 3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайын қоспағанда, салық  органына сәйкес,  белгіленген  салық органының мөрі басылған, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған  формалы  салық  қарызының бары не жоқтығы  туралы және жинақтаушы зейнетақы қорына конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу күнінің алдынан үш ай артығырақ міндетті  зейнетақы  жарнаның қарызы туралы,  нотариалды куәландырылған   немесе түпнұсқасының көшірмесі; 4. Қатысушы   ұсынатын  бизнес-жоспар немесе  жер телімін пайдаланудың еркін  түрде жасалған өндірістік бағдарламасы; 5. Кәсіпорынның  штатында  ауыл шаруашылығының мамандықтары  бойынша   біліктілігі мен  жұмыс стажы белгіленген,  бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылған,  заңды тұлғаның мөрі басылған  анықтамасының  түпнұсқасы. 6. Ауылшаруашылық  дақылдарын  өңдіру үшін ауылшаруашылық  машиналары  бар болуы туралы  (бірінші басшысының немесе  қол қоюға құқығы бар  тұлғаның  қолы қойылып,  заңды тұлғаның мөрі  басылған) анықтаманың  түпнұсқасы   және (немесе)  оларды  сатып алу   (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алуға және  т.б.)  шартының көшірмесі; 7. Қатысушыға,  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін,    өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады. .

       Егер конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға  болса, онда  оның  конкурстық өтімінде  мынадай  мәліметтер болуға тиісті: 1) Жеке тұлға  куәлігінің  (төлқұжат) немесе уақытша куәлігінің  көшірмесі; 2) Конкурсқа қатысуға  өтінім (түпнұсқа); 3) Қатысушы  ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылық  дақылдар өңдіру үшін қажетті ауыл шаруашылық  машиналары  көрсетілген  ерікті түрде  дайындалған жер телімін  пайдалану бағдарламасы және  (немесе)  оларды сатып алу  (жалға алу,  қызмет көрсетуді сатып алу  және т.б.) шарттың көшірмесі; 4) Білім туралы  дипломның көшірмесі  және  ауыл шаруашылық  саласындағы  еңбек  қызметі  және  жұмыс стажы туралы мәліметтері бар   өмірбаяны; 5) Қатысушыға  конкурстық  комиссия  жеңімпазды анықтағанда ескерілетін   өзі туралы басқа да  сенімді ақпараттарды  ұсынуға болады. .

      Конкурсқа қатысуға тіркелу  2015 жылдың 15 сәуіріне дейін Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,  Екібастұз қаласының 50 жылдығы  көшесі, 10 (Привокзальная көшесі, 10, 3 қабат) мекенжайы бойынша жүргізіледі. «Екібастұз қаласы  әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ, 754333, 754255 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.