Ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың барлық ауыл шаруашылығын қалыптастыруларға

Ескерту!

 

         Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Салық салу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №257-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне жер салығының ауыл шаруашылығы нысаныны үшін базалық салық мөлшерлемелерін белгілеу жайында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

         Салық кодексінің 378-бабы 2 және 3 - тармақтарына сәйкес, ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерге топырақтың сапасына байланысты бір гектар есебімен базалық салық мөлшерлемесі өсті, егер бұрын 1 балл бонитетінде бір гектарға базалық салық мөлшерлемесі 0,48 теңгені құраса, Салық кодексінің жаңа редакциясында бір гектарға жер салығының мөлшерлемесі 2,4 теңгені құрайды.

         Сонымен қатар, Салық кодексінің 387-бабы 1-1 қосымша тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жергілікті атқарушы органдар Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланбайтын ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерге он еседен жоғары өсірмеуге құқығы бар.

         Жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

         Шартты қайта жасау үшін міндетті түрде жолығуыңызды сұраймыз, олай болмаған жағдайда, мәжбүрлеп қол қоюға және әкімшілік әрекеттер қолдану үшін сотқа жүгінуге құқығымыз бар.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы                                 Қ. Аққазенов