«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ ескертеді

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Салық салу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №257-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне жер салығыныңы базалық салық мөлшерлемелерін белгілеу жайында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

         Негізінде, Салық кодексінің 378-бабы 2 және 3 – тармақтарына сәйкес, ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерге топырақтың сапасына байланысты базалық салық мөлшерлемесі бір гектар есебінде өсті, егер бұрын 1 бонитет баллында бір гектарға базалық салық мөлшерлемесі 0,48 теңгені құраса, ал қазір Салық кодексінің жаңа редакциясында бір гектардың базалық салық мөлшерлемесі 2,4 теңгені құрайды.

         Сонымен қатар, Салық кодексінің 387-бабы 1-1 қосымша тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жергілікті атқарушы органдардың Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы нысанындағы пайдаланылмайтын жерлерге он еседен аспайтындай өсіруге құқығы бар.

                Жоғарыда аталған өзгерістер мен толықтырулар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы                                 Қ.Е. Аққазенов