Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ресми WEB-сайтына қош келдіңіз.

         Сайтқа кірген әр адам Екібастұз қаласы әкімдігінің қызметі, жерлерді пайдаланудағы болып жатқан өзгерістер, жер заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы, сонымен қатар жер қатынастары саласындағы жалпы перспективалық дамуы жөнінде мол ақпарат алуы мүмкін. «Виртуалды қабылдау» тарауында Сіз бізбен диалогқа қатыса аласыз, қала әкімдігінің және қалалық мәслихаттың қабылдайтын шешім жобаларын талқылауға қатыса аласыз, сондай-ақ, қала халқы осы сайтты пайдалана отырып, қаланың тіршілік әрекетіне тікелей  қатысып, біздің мекеменің қызметін және жер заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуі мүмкін. Осы сайттың ерекше қолайлылығы: сайтқа кірген әрбір адам Басқарма бастығына, оның бөлімдерінің басшыларына тікелей жолығып, қызықтырған мәселелерге жауаптарын ала алады.

         Ресми WEB-сайт тек бөлімнің ғана емес, сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімдігінің мәселелерін шешуге әсерін тигізіп, сайтқа кіргендерге сенімді көмекші және ақпарат көзі болады деп сенеміз.